1 қыркүйекте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Инертбаева Гүлнар Серікқызының жатақханада тұратын 1 курс студенттерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында күн тәртібі, тұрмыс жағдайлары, жатақханада тұру ережелері сияқты мәселелер талқыланды. Басты міндет – жатақханада тұратын студенттердің табысты оқуына, психологиялық жайлылығына, демалысы мен бос уақытына жағдай жасау, сондай-ақ ұжымда тұру мәдениетінің дағдыларын тәрбиелеу.
Солтүстік полиция бөлімінің қызметкері Дариға Козова студенттермен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
- 03 Sep
- 2021