23 маусымда “Сәулет” мамандығы бойынша сәулет бөлімінің студенттерінен дипломдық жобаларды қорғаудың бірінші күні аяқталды. Қорғаудан өткен 25 баланың 13-і “өте жақсы”, 12-сі “жақсы ” атанды.
Құзыретті комиссия бірқатар сапалы, күрделі және бірегей жобаларды ерекше атап өтті: «Құрылыс колледжі» (Песоцкая В., Сагитуказ Т.); «Өрт сөндіру депосы» (Абдрашев А.); «Сауда-жәрмеңке кешені» (Жамартзыкы С.);»Монша-сауықтыру кешені» (Әмірбекова М., Жақсылықова Ш.); «200 орындық студенттік жатақхана» (Балғинов Ж.); «Бес жұлдызды қонақ үй» (Невзорова Д.).