Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамының құрылыс мамандықтары бойынша ҚР колледждері мен ЖОО-да дуалды оқыту бойынша GIZ жобасында “Қостанай құрылыс колледжі” КМҚК KNAUF фирмасымен бірлесіп серіктестік оқу орны ретінде әрекет етеді.
2020-2021 оқу жылында 25 адамнан тұратын студенттер тобы құрылды. Оқытудың нормативтік мерзімі: 2 жыл 10 ай (жалпы орта білім базасында). Оқудың толық мерзіміне “БК-СТРОЙ” ЖШС кәсіпорнымен келісілген және оқу жұмыс жоспары, оқу процесінің кестесі бекітілген. Модульдер бойынша жұмыс бағдарламалары әзірленді, кәсіпорынмен келісілді. Жоспардың мазмұны құрғақ құрылыс әдісі бойынша 140120 2 маман, 140104 2 сылақшы, 140121 3 Техник-құрылысшы біліктіліктерін игеруді есепке ала отырып әзірленген.
Оқу процесі теориялық оқытуды және колледждегі оқу практикасын және “БК-СТРОЙ” ЖШС құрылыс компаниясындағы өндірістік практиканы қамтиды. Эксперименттік оқу жоспары практикалық сабақтарды оқу сағаттарының жалпы санының 78% – на дейін ұлғайтуды көздейді.
Оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін білім алушылар 14012013 – “Техник-құрылысшы” біліктілігімен білім туралы диплом және 1401202 құрылыстың құрғақ әдісі бойынша маман, 140104 2 сылақшы кәсіби дайындығы туралы куәлік алады.
- 18 Jun
- 2021