Қостанай құрылыс колледжінде «Өмірге қол жеткіз!» бір реттік акция өтті. Ұйымдастырушы Аймақтық психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы болды.
Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы хабардар ету, мектеп және ТжКБ білім алушыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, қатысушылардың өмірлік кеңістігін олардың өміріне жаңа қосымша сезімдік түстер, мәдени мәндер енгізу есебінен кеңейту, жалпы жағымды тонды арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен ересектердің (ата-аналар, педагогтар) психологиялық сауаттылығын арттыру.
Акция барысында колледждің педагог-психологтары студенттер, ата-аналар және педагогтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, жазғы кезеңге каникул уақытында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және қауіпсіздік техникасы бойынша ұсыныстар берді. Белсенді студенттер білім алушылар, ата-аналар мен педагогтар арасында орталықтың қызметі туралы брошюралар, парақшалар мен буклеттер таратты. Акцияны жарқын флэшмоб аяқтады.
- 04 Jun
- 2021