Қостанай құрылыс колледжінже 8 ҒҚСП-1 тобымен «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты тәрбие өткізілді. Шара Қазақстан қоғамын жаңғыртуда Алаш қозғалысының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын жас ұрпаққа таныстыра отырып, кітап оқуды насихаттау мақсатында өткізілді. Студенттерге «Алаш» партиясының өмірге келуі және оның мақсаты, Алаш Орда үкіметі, Ақпан төңкерісі, Бірінші Жалпықазақ съезі, Алаш Орда қайраткерлері, «Алаш» партиясының көсемі Әлихан Бөкейхановтың өмірі және еңбек жолдарымен тереңірек таныстырып, тақырып бойынша викториналық сұрақ-жауап қойылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Мұндай тәрбие сағаты студенттердің Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға- апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге-қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеуде өте маңызды. Өткізген: Қоғамдық пәндер оқытушысы Уразбаева Д.Т.