Екі күн ішінде (27-28 мамыр) онлайн форматта ТжКБ әдістемелік кабинеті облыстың ТжКБ ұйымдарымен бірлесіп “Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметін дамыту: нақты жағдайлар мен жаңа мүмкіндіктер” атты Республикалық әдістемелік форум өткізді.
Форумның мақсаты білім беру мазмұнын жаңартуға, оның сапасын арттыруға және тәжірибе алмасу үшін үздік тәжірибелерді таратуға бағытталған әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы жаңа стратегиялық тәсілдерді көрсету.
Форум аясында “Қостанай құрылыс колледжі” КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М. С. Баймағамбетов, “Қостанай құрылыс колледжі” КМҚК директорының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары О.В. Терновая, “Қостанай құрылыс колледжі” КМҚК директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Е. Б. Мұхамедрахимов, “Қостанай құрылыс колледжі” КМҚК өндірістік оқыту шебері А. С. Абитаева өз тәжірибелерімен бөлісті.
Республикада алғаш рет ТжКБ әдістемелік кабинетінің және ТжКБ ұйымдары директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлерінің оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмыс тәжірибесі жинақталды.