28 мамырда құрылыс колледжінде 356Д-2 тобының “Танымал картиналардың көшірмелері” шығармашылық жобасының тұсаукесері өтті. Оқытушылар Бадажкова Лиана Вячеславовна мен Жаинбаева Айнур Габдулкаримовнаның басшылығымен оқушылар әлем мойындаған жауһарлардың 25-тен астам көшірмесін орындады. Олардың ішінде Янн Вермеердің “Інжу сырғасы бар қыз”, “Жұлдызды түн”, “Қүнбағыс”, Ван Гог “Кипариспен жол”, “Аржантийдегі қызыл қайықтар”, Клод Моне “Маки” және басқалары, отандық суретшілердің жұмыстары бар – Евгений Сидоркиннің “Батырдың тууы”, Николай Хлудовтың “Мәңгілік поэзиясы”. Мұндай іс-шара колледж қабырғасында бірінші рет өткізіліп отырған жоқ, бірақ қазіргі көрменің ерекшелігі-студенттік жұмыстар біздің колледждің оқытушысы, белгілі суретші, графика, монументалист Александр Васильевич Захарченковтың суреттерімен бірге қойылды. Александр Васильевич өзінің шығармашылығымен Қостанай және жалпы Қазақстанның бейнелеу өнеріне елеулі үлес қосты. Көрменің тұсаукесері керемет шығармашылық атмосферада өтті.