Үздік даму тәжірибесін анықтау және тарату, сондай-ақ ТжКБ педагогтері үшін курстық оқытудың инновациялық білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында штаттан тыс тренерлер арасында өткізілген «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренердің үздік авторлық бағдарламасы» байқауы аяқталды.
Диплом иегерлерін құттықтаймыз:
I-дәрежелі: «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Терновая Ольга Валерьевна мен Қостанай қ. «Жітіқара политехникалық колледжі» директорының оқу-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Тайжанова Айна Қазиевна құрамындағы ұжымдық жұмыс – «Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жұмысын ұйымдастыру жүйесін басқару» бағдарламасы;
“Қостанай құрылыс колледжі” КМҚК оқытушысы Динара Ғабитқызы Сейчанованы құттықтаймыз — “ТжКБ білім беру жүйесіндегі Ste(a)m-технологиялар компоненттері” бағдарламасы “Steam-білім берудің көпсалалы тәсілін іздеудегі бастамашылық” номинациясы бойынша.