Қостанай құрылыс колледжінде “АИТВ/АИТС алдын алу” тақырыбы бойынша кураторлық сағаттар өткізілді. Іс – шараға “ҚОСӨСҚПО” ММ қызметкерлері Шаймарданова Диана Хайдаровна – “АИТВ/АИТС және оның алдын алу” бағдарламасының үйлестірушісі және Есентаева Динара Ерлановна-жұқпалы және аса қауіпті аурулар жөніндегі бағдарламаның үйлестірушісі шақырылды. Аталған іс-шараға 362 СС-1 тобының және 359 Арх-1 тобының бірінші курс студенттері қатысты.
Аталған іс – шараның мақсаты: жасөспірімдердің АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болу деңгейін арттыру; жасөспірімдерде өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
Іс-шара барысында адамның иммундық жүйесінің жұмысы, АИТВ жұқтырғаннан кейін ағзада не болады, АИТС деген не, берілу жолдары (жыныстық жол, инъекциялық есірткіні қолдану арқылы, анадан балаға), статистикалық деректер туралы мәселелер қозғалды.
- 24 May
- 2021