«Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Қостанай -2021» VII өңірлік чемпионаты жарыстарының соңғы күні аяқталды.
5 қатысушы екі күн бойы конкурстық тапсырманың екі модуліне сәйкес келетін күрделі, уақыт бойынша көлемді және физикалық қиын жұмыстарды орындады.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Қостанай құрылыс колледжінің студенті Бабенко Дмитрий, 2 орынды Қостанай құрылыс колледжінің студенті Атакпаев Баймурза, 3 орынды Рудный құрылыс және көлік колледжінің студенті Сергей Алтунин жеңіп алды. Құттықтаймыз!