20 мамырда Ұзынкөл ауданының Троебратское ауылындағы Троебрат орта мектебінің базасында әскерилендірілген кросс бойынша 8 әскери-патриоттық клуб арасында ашық аудандық жарыстар өтті. Оған Қостанай құрылыс колледжінің «Тайфун» ӘПК командасы да қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер командасы 1 орынды, 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер екінші орынды, 14-17 жас аралығындағы қыздар командасы үшінші орынды иеленді. Жалпы командалық есепте «Тайфун» ӘПК командасы 3 орын алды.
Жеке есепте екінші орынды біздің клубтың курсанттары Тарновский Глеб (16-17 жас аралығындағы ұлдар), Салемжан Ерсұлтан (14-15 жас аралығындағы ұлдар), Арғымбаева Камила (16-17 жас аралығындағы қыздар) жеңіп алды. Құттықтаймыз!