Қостанай құрылыс колледжінде «Кірпішпен қалау» құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлік конкурсының қорытындысы шығарылды. Бұл жарысқа 5 қатысушы – Қостанай құрылыс колледжінің, Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжінің студенттері, «БК строй» ЖШС ұйымының өкілі қатысты. Белгілі бір уақыт ішінде қатысушылар екі модуль салды: қоршау үлгілері және WSK аббревиатурасы.
Жарыс қорытындысы бойынша «Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша бірінші орын Қостанай құрылыс колледжінің студенті Темірлан Санкинге берілді, жүлдегерлер қатарында Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің студенті Александр Свириденко, үшінші орын «БК строй» ЖШС ұйымының өкілі Мирас Бедікұл.
Барлық қатысушы студенттер жұмыстарды талаптар мен технологияға сәйкес лайықты және ұқыпты орындады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен грамоталар берілді. Құттықтаймыз!