Көктемнің соңында Қостанай құрылыс колледжінің жеңіл атлетикадан біріншілігі дәстүрлі түрде өткізіледі. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау, жүгіруді ең пайдалы және қол жетімді бұқаралық спорт түрлерінің бірі ретінде танымал ету мақсатында өткізілді. Спортшылар 1200 м жүгіруден (ұлдар), 900 м жүгіруден (қыздар) жарысты.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші курс студенттері келесі нәтижелерді көрсетті: 1200 метрге жүгіру (ұлдар) – I орын Кудряшов Данил (гр.363 МК), II орын Крикливцев Иван (357 ВТиПО), 3 орын Каширбеков Даулет (гр.8 ҒҚСП); 900 метрге жүгіру (қыздар) – I орын Казанцева Анастасия (гр.359 Арх1), II орын Кучеренко Ксения (гр.359 Арх1).
Жалпыкомандалық 1 орынды 359 Арх1 тобы, 2 орынды 360 МКА тобы, 3 орынды 357 ВТиПО тобы жеңіп алды. Құттықтаймыз!
- 20 May
- 2021