19 мамыр күні бөлім меңгерушісі Тастембекова Д.Б. және арнайы пәндер оқытушысы Конарбаева Б. К. басшылығымен «Ақтөбе сәулет» ЖШС- нысанына Қостанай құрылыс колледжінің 8 ҒҚСП-1 тобы студенттерінің экскурсиясы өтті. Бұл сапар балаларға көп қабатты үйлер салу процесін көруге, әрлеу іс-шараларының тәсілдерімен және түрлерімен танысуға мүмкіндік берді.
Осындай экскурсиялардың арқасында студенттер теорияны практикада қолдануды, сондай-ақ болашақ қызметінің нақты жағдайларын көруге мүмкіндік алады. Олар сонымен қатар кәсіби жұмысшыларға, инженерлерге және құрылыс компанияларының басқа өкілдеріне барлық сұрақтар қоя алады.