Қостанай құрылыс колледжінің базасында “WorldSkills Қостанай -2021” VII аймақтық чемпионаты өтуде. Екі күн ішінде “Сәндік-сырлау жұмыстары” құзыреттілігі бойынша 4 қатысушы өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетті.
Бірінші күні қатысушылар 4 модульді орындады: “Қалыптау бар есік жапырағы”, “Шыбық”, “Бетті безендіру”, “Фристайл бетін безендіру”.
Екінші күні қатысушылар 6 модульді орындады: “Есік төсемін қалыптаумен тегістеу”, “Бітеу”, “Сырлау”, “Безендірілген бетті тегістеу”, «Qazaqstan» жазуы бар трафарет, “Суреті бар түсқағаздарды желімдеу”.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды Қостанай құрылыс колледжінің студенті Кудрин Никита, 2 орынды Рудный құрылыс және көлік колледжінің студенті Клейн Екатерина, 3 орынды Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің студенті Самарина Ксения иеленді.
WorldSkills жүргізу студенттерге алған дағдыларын, жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, кәсіби құзыреттерін іске асыруға мүмкіндік береді және болашақ түлектердің кәсіби мансабын құруға әсер етеді.