Қостанай құрылыс колледжінде 18 мамырда тұсаукесер түрінде «Қолөнер керамикасы» құзыреттілігі өтті. Байқауға біздің колледждің студенттері Темих Богдан, Реснянская Таисия, сондай-ақ «Савочкин» ЖК өкілі Горбачева Олеся қатысты.
Әрбір жұмыс орны тапсырманы орындау үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған: қыш құмыра, кептіргіш шкаф, пеш, сөре, жылыту үстелі, шикізат, материалдар мен құралдар.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орын Реснянская Таисия, 2 орын Горбачева Олеся, 3 орын Темих Богдан.
Қостанай құрылыс колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Данияр Бурбаев өз әсерімен бөлісті: “Бұл физика, химия, көркемдік талант бойынша терең білімді талап ететін қолөнер… Балалар жабдықпен жұмыс істеуді үйреніп, қыш бұйымдарын жасау технологияларын меңгеріп, күйдіру температурасы, материал құрылымы, түрлі техника сияқты ұсақ-түйектерді түсіне алатыны тамаша».
Мамандар «Қолөнер керамикасы» құзыреттілігінің ашылуы және оның Worldskills Kostanay қозғалысында дамуы Қостанай облысында керамикалық істің дамуына үлкен серпін беретініне сенімді.