«Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша оқитын Қостанай құрылыс колледжінің 348 СЭЗС-2 тобының студенттері Иванов Александр, Касьяненко Павел және Корепанов Кирилл «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» Республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Студенттер «Экономика және техника ғылымдары» секциясының жұмысына «Қостанай қаласының тұрғын аудандарын энергиямен қамтамасыз етудің баламалы нұсқасы ретінде жел энергетикасын қолдану» және «Жеке тұрғын үйді жобалау кезіндегі энергия үнемдеу технологиялары» тақырыбындағы жобалармен қатысты. Конференция қорытындысы бойынша А. Иванов, П. Касьяненко 1 дәрежелі дипломмен және К. Корепанов 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 19 May
- 2021