ПЦК апталығының үшінші күні барысында шеберлер оқушылардың оқытылатын пәндерге деген қызығушылығын ынталандыруға, техникалық дағдыларды, тез тапқырлықты, логикалық ойлауды, техникалық ойлауды, ептілікті, реакция жылдамдығын дамытуға арналған бірқатар іс-шаралар дайындады.
13 мамырда «Құрылыс-технологиялық құрылымдардың сызбалары» тақырыбы бойынша ашық сабақтар өткізілді, 364-Ш-1 тобы, арнайы пәндер оқытушысы А. И. Хайруллин;
362 СС-1 тобы, ө/о шебері Сураганов Б.Т. Ө/о шебері Абитаева А. С. 364 – Ш-1, 366-МОСР – 1 тобының студенттерімен сыныптан тыс іс-шара – «Поле чудес» ойынын өткізді. Ө/о шебері М.С.Солдаткин 362 СС-1 тобының студенттерімен «Рейсмус станогында бөлшектерді дайындау» тақырыбы бойынша мастер класс өткізді. Студенттер шебердің жетекшілігімен рейсмус станогында жұмыс істеді, ағаштан болашақ бөлшектерге дайындамалар жасады.
Осы күні қашықтық форматта «KNAUF заманауи материалдары мен технологиялары» семинары өтті, оны ө/о шебері Е.В. Ильченко өткізді. Сондай-ақ, ол біздің колледждің «Жас маман» бағдарламасы бойынша сатып алынған шеберханаларында қолданылатын жаңа механикаландырылған машиналар туралы айтты.