2021 жылғы 3-11 мамыр аралығында Қостанай құрылыс колледжі негізінде Отан қорғаушылар күніне арналған Counter-Strike:Global Offensive пәні бойынша облыс тарихындағы ең ауқымды «Qostanay CS:GO OpenCUP» киберспорттық турнир өтті. Турнирге Қостанай облысының 16 жасқа толған кез келген тұрғыны (ата-анасының рұқсатымен 14 жастан бастап) қатыса алды.
Турнирдің ұйымдастырушылары Қостанай құрылыс колледжі және Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі болып табылады. Іс-шара “Саналы ұрпақ”жобасы аясында өтті.
Іс-шараның демеушісі “КТК” ЖШС жергілікті компаниясы болды, ол Bizon энергетиктер брендінің атынан турнирді 65 000 теңге көлемінде жүлде қорымен қолдады.
Турнирге қатысуға облыс құрама командаларынан 33 өтінім берілді.
Ойындар екі кезеңде өтті: play-off жүйесі бойынша best of one форматындағы онлайн іріктеу және best of three, яғни екі жеңіске дейін форматындағы lan финал.
Турнирдің гранд финалы Қостанай құрылыс колледжінің алаңында WinXXX және Kostanay dragons екі мықты команда кездесуімен өтті.
Финал кезінде ойын аймағы мен ойындар тікелей эфирде кәсіби комментаторлар Әділет Қапаров пен Әділ Жұмағалиевтің қатысуымен twitch.tv/cyber_ksk стримингтік платформада көрсетілді.
Марапаттау рәсімінде облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Болат Рүстем Сайлауұлы және ТжКББ ұйымдарында тәрбие жұмысын дамыту секторы Ахметова Жұбайра Әуезханқызы ойыншыларды құттықтап, оларды сыйлықтармен марапаттады.
Турнир қорытындысы:
1 орын – “Kostanay dragons” командасы-30 мың теңге және жеңімпаз кубогы.
2 орын – “WinXXX” – 20 мың теңге.
3 орын – “Compton” – 15 мың теңге.
Турнирдің MVP (Үздік ойыншы) “Chika” лақап атымен “Kostanay dragons” командасының ойыншысы Махметов Шыңғысхан атанды.
Аймақтағы киберспортты дамытуға белсенді қатысқаны және қосқан үлесі үшін демеушінің арнайы жүлдесі – Bizon компаниясының 100 банкі энергетигімен Jcf Жітіқара киберспорттық лигасының өкілдері марапатталды.
Баршаңызға қатысқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!