Жеңіс күнін мерекелеуге арналған әскери-спорттық эстафета Қостанай құрылыс колледжінің 366 МОСР-1, 363 МКА-1, 360-К-1 топтары арасында өткізілді. Осы сыныптан тыс іс-шараның ұйымдастырушылары өндірістік оқыту шеберлері П.С. Лещенко, А.Х. Бейсекеев, О.У. Күздібаев болды.
Эстафета төрт блокпостты құру, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беру және өту ережелерінен басталды. Балалар автоматты бөлшектеу-құрастыру, оқу гранатасын лақтыру, пневматикалық винтовкадан ату бойынша барлық жарыстарға үлкен қызығушылықпен қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 363 МКА-1 тобы 1 орынды иеленді. Әскери-спорттық эстафета жастардың бойында спорттық шынығу мен патриоттық рух барын тағы да дәлелдеді!