Қостанай құрылыс колледжінің “Тайфун” ӘПК курсанттары дәстүр бойынша далалық жағдайлардағы тактикалық-топографиялық оқу-жаттығулар мақсатында әскери-далалық шығу жасады.
Әскери-далалық шығу 2 күн ішінде өтті. Екінші күні лагерьдің орналасуына “Жас сарбаз” патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері келді. Клуб жетекшісі А.И. Козловтың айтуынша, курсанттар қойылған барлық мақсаттар мен міндеттерді орындады. Балалар АК-74 автоматын бөлшектеу-құрастыру, оқу гранатасын лақтыру, пневматикалық винтовкадан ату бойынша жаттығу сабақтарынан өтті, ал №18 орта мектеп-лицейінің “Жас сарбаз” патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері әскерилендірілген эстафетаға қатысты. Олар сонымен қатар от жағуды және дала асханасынан тағам дайындауды үйренді. Іс-шараға қатысқан әрбір тәрбиеленуші жаңа бір нәрсе білді, ал “Тайфун” ӘПК курсанттары әрбір шығумен кіші балаларға көбірек тәжірибе бере алады.
- 11 May
- 2021