5 мамырда Қостанай құрылыс колледжінде бірінші курс студенттері үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Қарулы Күштерінің құрылуының 29 жылдығына арналған әскери-спорттық мереке өтті. Қазылар алқасының құрамына келесі құрметті қонақтар шақырылды: ҰОС қатысушысы Подоляков Михаил Иванович, Ауғанстан ардагері Харченко Анатолий Николаевич, Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының кадрлар және саптық даярлық бөлімінің бастығы капитан Валихан Галитович Мұқашев, Қостанай облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің АӘД және әскери-техникалық мектептер жөніндегі нұсқаушысы аға сержант Майхайдаров Тамирлан Бахытович.
Мерекені ұйымдастырып, командаларды даярлауды АӘД оқытушылары: Козлов А.И., Ермоленко А. А. және Жұмабаев С. А. жүргізді.
Барлық студенттер АӘД бөлімдері бойынша дағдыларды меңгерудің лайықты деңгейін көрсетті, бірақ номинациялар бойынша топтардың келесі взводтары үздік болды. “Салтанатты маршпен өту” номинациясында 1 орын – 359 топ; 2 орын – 8 топ; 3 орын-357 топ. “Әнмен өту” номинациясында 1 орын -359 топ; 2 орын – 368 топ; 3 орын – 8 топ. “Кедергілер жолағындағы әскерилендірілген эстафета” номинациясында 1 орын – 363 топ; 2 орын – 362 топ; 3 орын-357 топ. Жалпыкомандалық орындар келесідей бөлінді: 1 орын -359 топ; 2 орын – 357 топ; 3 орын -362 және 363 топтар. Үздік командир 359 топ студенті Төлеу Қажымұрат болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!