6 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Қостанай құрылыс колледжінде гір спортынан жарыс өтті.
– Жарыс өте эмоционалды, қызу өтті, барлық қатысушылар жеңіске ұмтылды және жалпы жаман нәтиже көрсеткен жоқ, – деп атап өтті жарыстың бас төрешісі Артем Шарафутдинов. Ол судьялық көмек көрсеткен барлық көмекшілеріне, судьяларға алғысын білдірді. Олар: Токарев Алексей, Карпенко Сергей, Харькова Валерия, колледж оқытушылары Джваридзе Б.Б., Брагин В. И., Крестинина Л. С., Молдрахметов Н. А.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: бірінші орынды 362-СС-1 тобы, “күмісті” 358 МЭОСР тобы жеңіп алды, ал үшінші орынды 363 МК-1 тобы жеңіп алды.
Жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
Үздік нәтижені грамотамен, ақшалай сыйлықпен және “Гиревик” мүсіншесімен марапатталған Дмитрий Метельский көрсетті. Құттықтаймыз!