Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қостанай құрылыс колледжінің жатақханасында “Cпорттық қозғалысқа – біздің құрмет” көктемгі спринт 2021 өтті. Оған біздің колледж студенттері мен облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Спорттық мереке бағдарламасына: армреслинг, дартс, пресс, арқанмен секіру, допты толтыру кірді. Кездесудің жеңімпаздары құрылыс колледжі жатақханасының балалары болды. Үздік грамоталармен мадақталды.