«Саналы Ұрпақ» клубының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында 2021 жылдың 12-19 сәуір аралығында колледжде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты плакатты үздік безендіру конкурсы өтті.
Бұл байқауды өткізудің мақсаты жастардың назарын біздің қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және күрес проблемаларына аудару, сондай-ақ студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Байқауға колледждің 1 және 2 курс студенттері қатысты. Байқауға барлығы 31 жұмыс ұсынылды, конкурсқа № 367 МСМП -1 және № 364 Ш-1 топтары белсенді қатысты, олар бірнеше жұмыстарды ұсынды.
19 сәуірде конкурстық комиссияның қазылар алқасының мүшелері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С. Инертбаева, тәрбие ісі жөніндегі әдіскер Л.С. Инжеева, қосымша білім беру педагогы М.О. Шаханова, кітапхана меңгерушісі Г.В. Вельгоша конкурстың қорытындысын шығарды, оған сәйкес орындар келесідей бөлінді:
I орын – № 360 К-1 тобы (ұжымдық жұмыс)
II орын – № 364 Ш-1 тобы (ұжымдық жұмыс)
III орын – № 367 МСМП-1 тобы (Черанов Данил)
III орын – № 359 АРХ-1 тобы (Молдашева Карина)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға, топ кураторларына үлкен алғысымызды білдіреміз. Шығармашылық табыс тілейміз!