Рамазан-барша мұсылмандар үшін қасиетті ай. Осы кезеңде адамдар жақсылық жасауға, бір-біріне көмектесуге тырысады. “Жылы жүрек –жомарт қол” акциясы аясында Қостанай құрылыс колледжінің 6 – топ ҒҚСП-2 студенттерінен құралған еріктілер “Жайлаубай ата” қалалық мешітіне барып, азық-түлікке мұқтаж жандарға көмек көрсетті.
Қайырымдылық акциясының мақсаты – жастарға рухани тәрбие беру, оларды қайырымдылыққа тарту, гуманистік қасиеттерді дамыту. Себебі мүмкіндігі бар әрбір азамат әрдайым көмек қолын созуға дайын болуы керек.