Қайырымдылық акциясы аясында Қостанай қаласындағы Жайлаубай ата мешіті Қостанай құрылыс колледжінің жатақханасында тұратын жетім студенттерге әлеуметтік (азық – түлік) көмек көрсетті. Колледж әкімшілігі, ұжымы және студенттері бас имам Әмірханов Шоқан Ғазизұлының басшылығымен жетім студенттерге көңіл бөлгені үшін мешітке алғыс білдіреді.