15 сәуірде “Тайфун” ӘПК клубтың дәстүрлі жиынын өткізді. Жиынның мақсаты клубта сабақ өту кезінде және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша түрлі жарыстар кезінде қиын сынақтардан өткен курсанттарға, лайықты жауынгерлерге арнау, сондай-ақ клубқа бірінші курс ұлдары мен қыздарын қабылдау болды.
Салтанатты шара клубтың туын көтеріп, клубтың әнұранын орындаудан басталды. Содан кейін кезек тәртібімен, ерекше рәсімді сақтай отырып, курсант куәлігі Заволоко Сергей мен Поддубицкий Эдуардқа тапсырылды. Клуб қатысушылары Лагай Вячеслав, Исркепов Қуат, Салемжан Ерсұлтан, Искендирова Айдана және Дьячков Кирилл клубқа ант қабылдады, оларға “Клуб курсанттарына кандидат”атағы берілді.
Клубтың бірінші курс студенттерін құттықтауға біздің түлектер Әбдірашев Алан, Островой Александр, Тойшыбаев Сейпил, Салаватова Айнура келді, олар жаңа курсанттарға қиын қызметте үлкен жетістіктер, берік ұстамдылық, бірлік, жақсы денсаулық және жеңіс тіледі!!!
Жиын соңында курсанттар үшінші курс қатысушысы Аделина Абдурахманованы туған күнімен құттықтады.