«Северный» кітапхана-филиалында Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында “У войны не женское лицо” атты жалпықалалық іс-шара өткізілді. Оған Қостанай қаласының әскери-патриоттық клубтарының курсанттары, соның ішінде Қостанай құрылыс колледжінің “Тайфун” ӘӨК, сондай-ақ кадеттер мен «Жас Сарбаз» жастар қозғалысының тәрбиеленуші оқушылары қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушы “мұра”азаматтық-патриоттық бағыттағы клубы болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға соғыстағы әйелдердің рөлі және олардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы электронды презентация ұсынылды, соғыс туралы өлеңдер, тыл еңбеккерлері, соның ішінде балалар туралы әңгімелер айтылды. Іс-шара соңында клуб басшылары балаларға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс айтып, барлық қатысушыларды ҰОС майданында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды.
- 15 Apr
- 2021