Қостанай құрылыс колледжінің басшылығы журналистерге баспасөз-турын ұйымдастырды. Баспасөз турын өткізуге құрылыс колледжінде “Жас маман” республикалық жобасының жүзеге асырылуымен жұртшылықты таныстыру себеп болды.
БАҚ өкілдері кабинеттер мен шеберханаларды аралап, оқу жағдайымен және оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты. Құрылыс колледжінің директоры Арман Шамшин колледждің оқу қызметі, дайындық жүргізіліп жатқан мамандықтар туралы айтып берді. Журналистер үшін “Жас маман” жобасы аясында “Ғимараттар мен құрылыстар құрылысы” мамандығы бойынша “Құрылыс ұстасы”, “Сылақшы”, “Техник құрылысшы”, “Тас қалаушы” 4 біліктілік бойынша сатып алынған жаңа жабдықтың тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесер барысында журналистер сатып алынған жабдықтар мен студенттермен практикалық сабақтардың үзінділерін өз көздерімен көрді.
Бүгінгі таңда колледжде студенттерді қажетті мамандықтар бойынша теория деңгейінде оқытып қана қоймай, практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік беру үшін барлық жағдайлар жасалған.
– “Жыл сайын жұмысшы мамандықтарының беделі қайта жаңғыруда, шеберлік дағдыларын дамыту ерекше құрметке ие. “Жас маман” жобасының негізгі мақсаты – сұранысқа ие 100 мамандық бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу”, – деді Арман Жағанұлы.
Колледж реформасының арқасында орта білім беру табысты мансап үшін сенімді трамплинге айналуда.
- 14 Apr
- 2021