Қостанай құрылыс колледжінің Сәулет бөлімі педагогтарының шығармашылық жұмыстары көрмесінің ашылу күні де келіп жетті. Л. Н. Толстов атындағы облыстық кітапхана 8 сәуірде өткен көрме “Біздің қиялдар әлемі” үшін алаң ұсынды. Бұл салтанатты шара оқытушылар, студенттер мен көрме қонақтарын біріктірді.
Көрменің ашылуына қаламыздың белгілі суретшілері С.Лугова, В.Быков, Н. Торшин, О. Кусков, С. Калинова облыстық сурет галереясының бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі шақырылды. Әр түрлі жанрда орындалған өздерінің авторлық жұмыстарын арнайы пәндер оқытушылары А.В. Захарченков, Д. С. Бурбаев, Л. В. Бадажкова, А. Г. Жайынбаева, С. В. Щербина ұсынды. Дәл осындай кездесулер шығармашылық серпін береді және оң эмоциялармен қуаттайды, жетілуге деген ынтаны оятады.