2021 жылғы 8 сәуірде «Қызмет көрсету саласы» бағыты бойынша III жыл сайынғы облыстық кәсіптік бағдарлау форумы өтті. Оның ұйымдастырушысы «Қостанай облысының Кәсіподақ Орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігі және Қостанай облысының Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы болды.
Форумға Қостанай құрылыс колледжі, Рудный технология және сервис колледжі, Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі, Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі, Қостанай тұрмыстық сервис колледжі қатысты.
Әрбір колледж қызмет көрсету саласындағы мамандықтар туралы презентациялық роликтер ұсынды және қазіргі таңда мемлекет колледждерді жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу үшін қаражат бөліп отырғанына ерекше назар аударды.
Форум қорытындысы бойынша қызмет көрсету саласындағы кәсіптерді танымал ету және беделін көтеру және еңбек нарығын сауықтыру үшін кәсіптік бағдар беру бағытындағы тиімді жұмыс бойынша ұсынымдар қабылданды.
- 09 Apr
- 2021