2021 жылғы 6 сәуірде «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК индустриялық кеңестің отырысы өтті. Индустриялық кеңес мүшелерімен кеңес жұмысы аясында одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды, индустриялық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары М. С. Баймағамбетов қатысушыларды индустриялық кеңестің жұмысын ұйымдастыру қағидаларымен таныстырды. Сондай-ақ, “Жас маман” бағдарламасы және WorldSkills кәсіби шеберлігі бойынша өңірлік чемпионатты өткізу туралы ақпарат талқыланды.
Отырыс барысында индустриялық Кеңес туралы ережеге сәйкес Индустриялық кеңестің төрағасы сайланды, ол «Қостанай облысы бойынша құрылысшылар қауымдастығы» ЗТмЖКБ атқарушы директоры И.И. Викулова болды.
Индустриялық кеңестің хатшысы болып Қостанай құрылыс колледжінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі К.Б. Мұқанова сайланды.
- 07 Apr
- 2021