Жас педагог мектебінің жұмысы аясында 30 наурыз күні Қостанай құрылыс колледжінде” сабақта жаңа материалды бекітудің интерактивті формалары мен әдістері “тақырыбында оқыту семинары өтті.
Оқыту семинарын тәжірибелі информатика оқытушысы, Жоғары санатты педагог Мамедова Майя Ивадовна өткізді.
Жас мұғалімдер интерактивті оқытуды практикада жүзеге асырудың маңызды шарты мұғалімнің жеке қатысуы, оны интерактивті оқытудың әртүрлі формаларына тікелей қосу екенін білді.
Семинардың мазмұны жас мамандарға сабақта жаңа материалды бекіту кезінде интерактивті формалар мен әдістерді қолдануда практикалық көмек көрсетуге бағытталған.
- 30 Mar
- 2021