26 наурызда Қостанай құрылыс колледжінде Worldskills Kostanay-2021 өңірлік чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылуы өтті. Колледжішілік чемпионатты өткізудің негізгі мақсаты – 17-21 мамыр аралығында өтетін өңірлік кезеңге іріктеу, сондай-ақ жұмыс берушілердің нақты сұраныстарына бағытталған кәсіптік білім берудің қажеттілігін арттыру.
Байқау 2 күнге созылады және келесі құзыреттер бойынша өтеді: “Құрғақ құрылыс”; “Сылақ жұмыстары”; “Визуалды мерчендайзинг; “Кірпіш қалау”; “Веб дизайн”; “Сәндік-сырлау жұмыстары”; “Қолөнер керамикасы”.
Мұндай жарыстарға қатысу студенттерге оқу аяқталғаннан кейін өздерінің дайындық деңгейлерін және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді.