Практикадан сәтті өту мақсатында 25 Наурызда “БК-Строй” компаниясы өкілдерінің Қостанай құрылыс колледжінің құрылыс бейініндегі студенттерімен өндірістік практикадан өту мәселесі бойынша кездесуі өткізілді. Кездесу барысында практикадан өту тәртібі, еңбек тәртібі мен қауіпсіздік техникасын сақтау туралы нұсқаулық өткізілді.
“БК-СТРОЙ” ЖШС директорының әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары Михаил Федяшин студенттерге кәсіпорынның әлеуметтік қызметі туралы айтып, еңбек жағдайлары туралы хабардар етті, сондай-ақ ол жазғы кезеңге студенттік құрылыс жасағының қызметіне қатысуға шақырды. Колледж студенттерін өз еңбегімен табыс табу мүмкіндігі қызықтырды. Құрылыс отрядындағы тәжірибе болашақта беделді құрылыс компаниясына жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Тағы бір жағымды сәт “құрғақ құрылыс және сылау жұмыстары” құзыреттілігі бойынша чемпионатта Қазақстан атынан қатысқан және сол жерде құрметті 2 орын алған біздің колледждің түлегі Александров Иван сертификатымен марапаттау болды. “БК-Строй” компаниясынан оған 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.