Қостанай құрылыс колледжінің студенттері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қайырымдылық іс-шараларын өткізді. Игі істер марафонына 6 НПВП-2, 347СЭЗС- 2, 348 СЭЗС – 2, 350 СМ – 2 тобының студенттері және т.б. қатысты.
Акцияға қатысушылар жалғыз басты зейнеткерлер мен ардагерлерге, “Дельфин” балалар үйінің, “Жанұя” отбасы үлгісіндегі балалар үйінің балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетіп, көмек көрсетті.
#ҚАЙЫРЫМДЫ МАРАФОНДАР, # МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ