19 наурызда Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар кешені шеңберінде Қостанай құрылыс колледжінде педагогтар мен қызметкерлер арасында “Көңілді старттар” жарысы өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды өндірістік оқыту шеберлері, 2 орынды Техникалық бөлім және 3 орынды Сәулет бөлімі алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ қатысушы командалар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның демеушісі колледждің кәсіподақ комитеті болды. Құттықтаймыз!