Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру мақсатында, Наурыз мейрамын мерекелеу іс-шаралары шеңберінде Қостанай облысының ТжКБ ұйымдарында “Қара жорға” бірыңғай би флешмобы өтті.
Қостанай құрылыс колледжінің студенттері халық биін әсерлі орындады. Олар би өзінің ырғағымен оларға оптимизм, көңілділік пен рухты күшейтетінін атап өтті. Қойылым жақсы эмоционалды көңіл-күймен өтті!