Қостанай құрылыс колледжі Амангелді ауданының мектептеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Оқытушылар мектеп әкімшілігімен кездесіп, 9 және 11-сынып түлектерімен кездесулер өткізді, оқушыларды мамандықтармен, оқуға түсу ережелерімен таныстырды, колледждің тарихы, жетістіктері, оқу-тәрбие жұмысы туралы айтып берді. Биыл колледж келесі мамандықтар бойынша мемлекеттік тілде оқытуды ұсынады: 1401000 Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану, 1401213 құрылысшы-техник; 1405000 газбен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін монтаждау және пайдалану, 1405043 Газ объектілері жабдықтарын пайдалану технигі; 1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), 1304043 Техник бағдарламашы.
Сонымен қатар, колледж сайтында “Виртуалды қабылдау” парақшалары бар, онда кез келген адам мамандықтар, оқу мерзімдері туралы біле алады, колледж әкімшілігіне өз сұрақтарын қалдыра алады және оларға білікті жауаптар ала алады. Сайтта колледжде болып жатқан барлық жаңалықтармен, оқиғалармен танысуға болады. Осы мақсатта баспасөз орталығы әр бөлімнің мамандықтары туралы бейнероликтер дайындады, күн сайын колледж қызметі туралы ақпарат жариялайды.