1 наурыз бен 10 наурыз аралығында Қостанай құрылыс колледжінде “Ғылымға Профи-старт. Менің мамандығым”. Аталған онкүндікке 9-11 сынып оқушылары, колледж студенттері, мектеп және колледж педагогтары қатысты.
Кәсіби бағдар беру онкүндігі аясында ” Менің болашақ мамандығым – жан үшін немесе ақша үшін?”, “Ең сұранысқа ие мамандықтар”, “Заманауи кәсіби бағдар беру орталығы: мәселелері мен артықшылықтары”. Колледждің әлеуметтік серіктестерімен кездесулер өткізілді. Сәулет бөлімі “Сәулет” және “Дизайн”мамандықтары бойынша көрме дайындады.
Ең креативті іс-шара “Менің мамандығым” челленджін өткізу болды. Студенттер құрылыс мамандықтарын насихаттау және жарнамалау бойынша қызықты бейнероликтер дайындады. Әр бейне қызықты ғана емес, ең бастысы танымдық болды. Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды 350 СМ-2 тобы иеленді, 349 к-2 тобында 2 орын, 3 орын 353 ВТиПО-2 тобында. “Менің мамандығым – менің таңдауым” фото – селфи конкурсында 350 СМ-2 тобы 1 орынды, 348 СЭЗС – 2 тобы – 2 орынды, 347 СЭЗС тобы – 3 орынды жеңіп алды.
- 11 Mar
- 2021