Бүгін «Үздік кәсіби бағдар беруші» облыстық байқауының екінші кезеңі аяқталды! Байқау колледждер қызметінде кәсіптік бағдар беру жұмысының заманауи түрлерін пайдалану жөніндегі бастамаларды қолдауға бағытталған. Аталған байқауда Қостанай құрылыс колледжінің оқытушысы Әйгерім Садықова 1 орынға ие болды.
Әйгерім Жанболатқызы кәсіптік бағдар беру қызметін ұйымдастыру мен үйлестірудегі жаңа тәсілдер тұжырымдамасына жауап беретін, сондай-ақ біздің колледждің мамандықтары мен кәсіптері туралы оқушылардың хабардар болу деңгейін арттыратын инновациялық жұмыс түрлерін ұсынды. Құттықтаймыз!