Өңірде киберспортты дамыту және көпшілікке тарату, Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп “Қостанай құрылыс колледжі” КМҚК үздік командаларын анықтау мақсатында “Саналы ұрпақ” жобасы шеңберінде Counter-Strike:Global Offensive пәні бойынша “KSK Nauryz FastCUP” киберспорттық онлайн турнирін (бұдан әрі – Турнир) өткізеді. Турнир Қостанай облысының ЖОО мен колледж студенттері арасында 5х5 форматында өтеді.
Өткізу форматы: онлайн.
Турнирге өтінімдер 2021 жылғы 10-16 наурыз аралығында келесі электронды мекенжайға қабылданады: str_col@edu.mail.kz.
Турнирдің басталуы-2021 жылдың 19 наурызы, сағат 12.00.