“Жас Маман” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай құрылыс колледжінің арнайы пәндер оқытушылары гончар өнері бойынша біліктілікті арттыру курстарына жіберілді: А.Г. Жаинбаева Нұр-сұлтан қ., “АРТ Майолика” керамика студиясы (15.02-21.02); Д. С. Бурбаев Алматы қ., “Яблоко” шығармашылық академиясы (15.02-28.02).
Курстардан өту кезінде оқытушылар қыш шеберлігінің негіздерінен бастап дайын бұйымдарды сәндік әрлеуге және күйдіруге дейінгі теориялық және практикалық білімді игерді. Курс аяқталғаннан кейін емтихан жұмыстары және көркем керамика бойынша жеке сертификаттар алынды.