Ағылшын тілінің оқытушылары Ерденова.Л.Н. Батырханова.Г. Б. 2021 жылдың 1 наурызында “Тілдерді үйрену неліктен маңызды?». Іс-шараның мақсаты: студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру және өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Дөңгелек үстелге Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті Едіресов Азат, Назарбаев Университетінің студенті Байтемирова Диана, Нұрсұлтан қаласының гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің, шетел филологиясы факультетінің студенттері Есенбаева Сәуле, Әмірғалиев Әліби, Кужаков Нұрболат қатысты. Қатысушылар 5 тілді меңгерген, оқытуда тәжірибесі бар және тіл иелерімен өтетін марафондар, семинарлар, конференцияларды ұйымдастырушы болып табылады.
Аталған іс-шараға Қостанай құрылыс колледжінің 359 Арх – 1, 368 Д-1, 357 ВТИПО-1 және 8 ҒҚПСП-1 топтарының студенттері қатысты.
Қатысушылар тілдерді меңгеру тәжірибесімен бөлісіп, ақылы және тегін контенттерді, IELTS халықаралық тестін тапсыру үшін лайфхактарды, тегін марафондар мен гайдтары бар Instagram парақшаларын ұсынды.