26 ақпан күні «Жас ғалым-2021» студенттік ғылыми – практикалық конференциясы «Студент жастардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру Тәуелсіз Қазақстанның даму факторы ретінде» тақырыбында өтті. Аталған конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Жас ғалым KST» жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді, оған Қостанай құрылыс колледжінің студенттері қатысты.
Студенттік ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты: студенттердің ғылыми-зерттеу, ғылыми-практикалық жетістіктерін насихаттау және зерттеу құзыреттілігін дамыту.
Конференция келесі секциялар бойынша өткізілді:
Секция 1.Информатика және ақпараттық технологиялар;
Секция 2. Техника және технологиялар;
Секция 3. Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері;
Секция 4. Педагогика және психология;
Секция 5. Кәсіпкерлік және менеджмент;
Секция 6. Ы. Алтынсарин-көрнекті ағартушы, қазақ зайырлы білімінің негізін қалаушы;
Секция 7. Тәуелсіздік дәуірі: Қазақстан тарихындағы жаңа кезең.
Студенттік ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша біздің студенттер I, II, III дәрежелі грамоталармен және дипломдармен марапатталды. 1 орын-Бычковская Юлиана, 2 орын – Кравчук Кирил, Выродова Ольга, 3 орын – Галимов Даниель.
- 01 Mar
- 2021