2021 жылдың 22-27 ақпан аралығында «КНАУФ Гипс Қапшағай» ЖШС Оқу орталығы базасында ДЭГ кәсіпорын» қатысуымен Қостанай құрылыс колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Каршалов К. С. және ӨО шебері Ильченко Е. В. оқудан өтуде.
Оқыту құрғақ құрылыс технологиясы және күрделі формалардың беттері, сондай-ақ WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды дайындау үшін қажетті WorldSkills стандарттары бойынша жүргізіледі.
Одан әрі оқытылған шеберлер мен оқытушылар теориялық білім мен практикалық дағдыларды WorldSkills чемпионаттарына студенттерді сапалы дайындауда қолдана алады. Оқу аяқталғаннан кейін тестілеу өткізіліп, Кнауф сертификаттары тапсырылады.