Қостанай құрылыс колледжінде көрнекті қазақ ағартушысы-педагог, жазушы, этнограф, ғалым-фольклоршы, ұлт мұғалімі Ыбырай Алтынсариннің өміріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің кезекті “парасаттылық сағаты ” өтті.
Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген.
Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған.
Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын «Қазақ хрестоматиясының» алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған.
Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, білімнің көшбасшысы, алғашқы ұстазы болып Ыбырай Алтынсарин қашан да тарих биігінде тұра берері хақ.
Бейне-дәріске сілтеме:
- 22 Feb
- 2021