20 ақпанда білім алушыларда ПАЗ қолдануға қатысты тұрақты теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында Қостанай құрылыс колледжінде 1 және 2 курс студенттері арасында “Есірткі, психоактивті заттар және оларды қолданудың салдары” тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.
Кураторлық сағат барысында студенттермен “Есірткі және психобелсенді заттар дегеніміз не”, бейнефильмді қарап, “Психобелсенді заттарды қолдануды шектейтін ережелер мен заңдар”, есірткінің зияны туралы пікірталас өтті. Кураторлық сағаттың соңында “Қызықты-пайдалы” қорытынды шеңбері өткізілді.
- 22 Feb
- 2021