Қостанай құрылыс колледжінің студенттері Лопатин Вадим (332 СЭЗС-4 тобы), Касьяненко Павел және Иванов Александр (348 СЭЗС-2 тобы), Бычковская Юлиана және Старовик Артем (329 Арх-4) Н.В. Смолева, О. С. Тертышник мен Т.В. Ловягинаның жетекшілігімен “Технологиялар, техникалық шығармашылық” бағыты бойынша “Ресейдің ұлттық игілігі” талантты жастар жетістіктерінің жыл сайынғы Бүкілресейлік конкурсының аймақтық кезеңіне қатысты. Олар презентацияның сүйемелдеуімен өздерінің ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша баяндамалар жасады. Сөз сөйлегеннен кейін қатысушылар қазылар алқасы қойған сұрақтарға сәтті жауап берді.
Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушылар сертификаттар алды. Конференция қорытындысы бойынша Бычковская Юлиана бірінші орын үшін, Старовик Артем үшінші орын үшін дипломмен марапатталды. Барлық қатысушылардың жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді. Құттықтаймыз!